Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

3 Тамыз 2023, 15:41
849
Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы саласындағы жұмыс берушілер қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 3 тамызда сағат 14:30-17:00 «Жастар» сарайында өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. 

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы