Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкеcі өтеді

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке 10 наурыз күні Халықты жұмыспен қамту орталығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

9 Наурыз 2023 2023, 14:03
АВТОР
 Астана әкімдігі 9 Наурыз 2023 2023, 14:03
9 Наурыз 2023 2023, 14:03
1920
Фото: Астана әкімдігі

Елордада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке 10 наурыз күні Халықты жұмыспен қамту орталығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 10 наурызында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алимент төлемдері бойынша борышкерлер үшін, сондай-ақ бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де Бейбітшілік, 9 мекенжайында өтеді.

Наверх