Астанада бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 13 Шілде 2025 2025, 12:04
13 Шілде 2025 2025, 12:04
225

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Бос орындар жәрмеңкесі 16 шілде күні сағат 15:00-де Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында басталады.

Наверх