Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлаған жөн.

 pexels.com 18 Шілде 2026, 22:44
18 Шілде 2026, 22:44
198
Фото: pexels.com
Астанада "Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу" жобасы аясында 18 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Алматы көшесінде көлік қозғалысы толықтай жабық болады.

Сонымен қатар 20 шілдеден бастап осы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі Алматы көшесінің учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылады. Сол сияқты Алматы көшесі мен Сауран көшесінің, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Наверх