Астанада бірнеше көше жабылады

Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталды. Жол жөндеу жұмыстарын іске асыру мақсатында қаланың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

 unsplash.com Кеше 2026, 21:53
Кеше 2026, 21:53
98
Фото: unsplash.com

Астананың сол жағалауындағы басты күре жолдардың бірінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың жаңа аудандарындағы құрылыс жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жаздың соңына, тіпті қараша айына дейін жабық болады. 

А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралық 5 сәуірден маусым айына дейін толық жабылады.

Ш. Бейсекова мен Қ. Күмісбеков көшелерінің аралығы 5 сәуірден қараша айына дейін жабық болады.

Бейбарыс Сұлтаннан Сұлукөл көшесіне дейінгі учаске 10 қазанға дейін жабылады.

Ескі қала орталығында көлік кептелісін болдырмау үшін жұмыстар бөлініп жүргізілетін болады. А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін 5-20 сәуір аралығында жол кезең-кезеңімен жабылады. Ал А. Байтұрсынов пен Ж. Нәжімеденов көшелерінің арасында жұмыс жалғасып жатыр.

Жақын арада жөндеу жұмыстары Ақан сері, Жаркент, Жанарыс көшелері мен Алаш тас жолын да қамтиды.

 

Наверх