"Astana Marathon 2022" халықаралық марафонының өтуіне байланысты 9 қазанда қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады BAQ.KZ.
№10, 12, 15, 15А, 18, 26, 35, 37, 40 қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болады. Сонымен қатар, жолдардың жабылуына және қозғалыс сызбасы өзгеруіне байланысты қалалық және қала маңындағы бағдарлардың келуінің кешігуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Құрметті жолаушылар, сіздерден түсіністікпен қарауыңызды және маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз! – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.