Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

6 Қыркүйек 2025, 13:17
653
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Астанада Ақбидай көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді.

Осыған байланысты аталған учаске 6 және 7 қыркүйекте қозғалыс ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы