Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды

Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 instagram.com/densaulyq_basqarmasy 18 Қараша 2025 2025, 14:11
18 Қараша 2025 2025, 14:11
4813
Фото: instagram.com/densaulyq_basqarmasy

Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер — әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған хабарламада. 

Еске салайық, Астанада бірнеше адам ауыр жарақат алған оқыс оқиға болған еді. Тоғыз қабатты үйдің қасбетіндегі кірпіш пен кондиционер ілгіші опырылып, төменге құлаған. Салдарынан бес адам жарақат алып, олардың екеуі медицина қызметкері болған. Жарақат алған фельдшер ауыр жағдайда ауруханада жеткізілген болатын.

Наверх