Астанада балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

30 тамызда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Zhas Alem» балалар мен жастар шығармашылығының алғашқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 Тамыз 2024 2024, 20:48
АВТОР
 Астана әкімдігінің ресми сайты 29 Тамыз 2024 2024, 20:48
29 Тамыз 2024 2024, 20:48
710
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

30 тамызда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Zhas Alem» балалар мен жастар шығармашылығының алғашқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының директоры Ботагөз Игенбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Фестивальді «Көктем» би ансамблімен бірлесіп «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Іс-шара балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін, патриотизм мен өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту, сондай-ақ фестивальді жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.

Фестиваль музыкалық эстетикалық өнер саласында білім алушыларға қолайлы жағдай жасау және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткізіледі.

Наверх