Астанада балабақша тәрбиешісінің күзен тоны ұрланды

7 Желтоқсан 2022, 13:20
4007
Бөлісу:
Астанада балабақша тәрбиешісінің күзен тоны ұрланды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Сарыарқа" ауданының полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен Павлодар облысының 28 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күндізгі уақытта ер адам балабақшаның есігі ашық тұрғанын пайдаланып, қызметтік кіреберістен ішке кірген. Киім ауыстыратын бөлмеге кірген кезде ол ілулі тұрған тонды көріп, оны сырт киімінің ішіне жасырын тығып алып, кетіп қалған. Кейін ол құны 280 мың теңге болатын ұрланған тонды ломбардқа өткізіп, ол үшін 50 мың теңге алған. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. 

Астана қаласының Полиция департаменті мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына балабақшалардағы кіріп-шығу тәртібінің деңгейін көтеруді ұсынады. Ғимараттардың қауіпсіздігін үнемі тексеріп отыру, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін бақылау және тәрбиешілер мен ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Өзгелердің жаңалығы