Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Backstreet Boys концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

20 Қыркүйек 2025, 10:50
435
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:

  • «Астаналық цирк» автотұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
  • «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
  • Орталық саябақ автотұрағы;
  • «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.

Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы