Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада аяз күшейсе, Алматыда күн жылынады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

6 Қаңтар 2026, 16:26
907
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде, яғни 7, 8 және 9 қаңтар күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райы Астана қаласында

7 қаңтар: төмен бұлтты. Күндіз ауа температурасы -10°C, түнде -20°C болады.
8 қаңтар: бұлтты. Күндіз -10°C, түнде -14°C.
9 қаңтар: бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз -5°C, түнде -14°C.

Ауа райы Алматы қаласында

7 қаңтар: дымқыл тұманды ауа райы (дымка) күтіледі. Күндіз +4°C, түнде -5°C.
8 қаңтар: күн ашық, кей жерде бұлт аралас. Күндіз +2°C, түнде -4°C.
9 қаңтар: көбіне ашық. Күндіз +2°C, түнде -4°C.

Ескерту: ауа райы қыс мезгілінде жылдам құбылады, жолға шығарда өз өңіріңіз бойынша жедел жаңартылған болжамды да қарап алған дұрыс.

Бұған дейін бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілетіні хабарланған болатын. Синоптиктер қар жауып, боран соғуы, тұман түсуі, көктайғақтың пайда болуы және желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі мүмкін екенін ескерткен еді.

Өзгелердің жаңалығы