Астана қаласы Байтұрсынов көшесіндегі «Шабыт» аялдамасының есігінің әйнегін сындыру фактісі бойынша полиция 1995 жылы туған ер адамды ұстады. Қазіргі таңда іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
6 қаңтар күні сағат шамамен 05:00-де Байтұрсынов көшесіндегі «Шабыт» аялдамасындағы есіктің әйнегі сынған.
Жедел шаралар нәтижесінде 1995 жылы туған ер адам ұсталды. Ол есіктің әйнегін бөтелкемен ұрып сындырған. Бұдан кейін ол белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ол уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады Сарайшық ауданының ПБ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта материал мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада газ бен тежегішті шатастырған жүргізуші аялдаманы қиратып кеткен болатын.