Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды

Астанада автобус жүргізушісі жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 Ақпан 2024 2024, 20:11
АВТОР
 видеодан кадр 25 Ақпан 2024 2024, 20:11
25 Ақпан 2024 2024, 20:11
1658
Фото: видеодан кадр

Астанада автобус жүргізушісі жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.

Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды, - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Наверх