Астанада автобус жүргізушілерінің айлығы қанша

25 Шілде 2024, 15:38
1423
Бөлісу:
Астанада автобус жүргізушілерінің айлығы қанша
Фото: Арман Мухатов

№1 автобус паркінің басшысы Мадияр Тұқпатов қоғамдық көлікпен қатынау бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол елордада мәслихат шешімімен тамыздан бастап қоғамдық көлікте жолақы 90 теңгеден 110 теңгеге өсетінін атап өтті.

Елордада автобус билетінің бағасы соңғы рет 2014 жылы 90 теңге болып көтерілген еді, содан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде жанар-жағармай құны өсті, ол кезде литрі 110 теңге болса, қазір дизель бағасы 300 теңге. Жүргізушілердің жалақысын көтердік, қазір ең төменгі жалақы 680-700 мың теңге аралығында, жоғарысы 1 миллион теңгеден асып түседі. Автобустардың аралығын жиілеттік, бұрын жолаушылар кейбір автобустарды 20-25 минут күтсе, қазір аралық 15-12 минутқа дейін қысқарды. Келесі жылы 300 автобуспен толықсақ, 8-7 минутқа дейін қысқарту мүмкіндігіміз бар, - дейді Мадияр Тұқпатов.

Айта кетсек, биыл №1 автобус паркіне 50 жыл. Ол 1974 жылы құрылған қаладағы ең алғашқы әрі үлкен автобус паркі.

Өзгелердің жаңалығы