Астана, BAQ.KZ. Астанада №7 автопарктің жүргізушісі Жанбек Бескенпіров жеңіл автокөлік қозғалтқышы жануының алдын алды. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясы хабарлады.
Оқиға Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарының қиылысында орын алды. Жеңіл автокөліктің жанында қарт адам өртті өшіре алмай тұрды. Капот астынан түтін шығып, қозғалтқыш жанып жатқаны анық болды. Сол кезде Жанбек өрт сөндіргіштің көмегімен өрттің алдын алды. Жүргізушінің жасаған бұл әрекеті назарсыз қалмады.
Оқиға куәгерлері Astana109 қалалық анықтама қызметіне қоңырау шалып, Жанбек №2 қалалық бағдардың жүру жолында жеңіл автокөліктің жануын алдын алғаны туралы хабарлады.
«Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов Жанбекке өз алғысын білдіріп, сыйлық ретінде сыйақы берді.