Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада автобус апатқа ұшырады

25 Тамыз 2025, 12:08
704
Бөлісу:
 видеодан кадр
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Қабанбай батыр даңғылында болған. Желіде тараған видеоға қарағанда, автобус қалалық маршрутта жүретін қоғамдық көлікке ұқсамайды.

Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шеккендер амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтуде. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақаттанған, - деп жауап берді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы редакцияның сауалына.

Өзгелердің жаңалығы