Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады

29 Тамыз 2023, 23:21
934
Бөлісу:
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада өңірлерден тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңке 2 қыркүйектен 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді.

Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін елордада бірінші болып ұсынады. Өңірден 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 556 тонна өз өнімдерін: ет (жылқы еті, қой еті, сиыр еті, құс еті) және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдерін әкеледі. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен сатылатын болады.

Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Ол «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумақтан ҚазҰӨУ алдындағы алаңға (Тәуелсіздік даңғылы, 50) көшті.

Естеріңізге сала кетейік, елордада демалыс күндері де жәрмеңкелер өткізіледі. Сенбі-жексенбі күндері. Жәрмеңкеге азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы