Астанада ауа райына байланысты ұшақ рейстері кешігіп жатыр

Елорда әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар ұшақтардың ұшу уақыты кейінге шегеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ 9 Қараша 2025 2025, 11:20
9 Қараша 2025 2025, 11:20
731
Фото: BAQ.KZ

Елорда әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар ұшақтардың ұшу уақыты кейінге шегеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онлайн-табло дерегіне қарағанда, кешігулер көбіне ішкі бағыттарға қатысты. Мәселен, Өскеменнен, Қызылордадан және Атыраудан ұшып келетін рейстердің қону уақыты өзгерген.

Бірнеше рейстің кешеуілдегенін Air Astana компаниясы да растады. Компания өкілдері ұшулардың Астанадағы метеожағдайға байланысты кейіндетілгенін хабарлады.

Жолаушыларға әуежайға жолға шықпас бұрын өз рейстерінің мәртебесін авиакомпанияның ресми сайтынан тексеріп отыру ұсынылады.

Наверх