Астанада атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді

Кеше, 17:42
351
Бөлісу:
Астанада атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді
Фото: Елорда әкімдігі

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді. Бұл процесті мұқтаж азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

АӘК есептеу кезінде өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы отбасы табысының барлық түрлері ескеріледі. Бұл жалақы, әлеуметтік төлемдер, алимент және басқа да кірістер болуы мүмкін.

АӘК сомасы ағымдағы тоқсанға тағайындалады және Астана қаласының аудандық әкімдіктері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындылары негізінде ай сайын төленеді.

2025 жылдан бастап бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК тағайындалған сомасына қосылатын 5 898 теңге (1,5 АЕК) мөлшерінде қосымша төлем енгізіледі.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық аумағын қамтитын пилоттық жоба іске қосылуда. Жоба аясында азаматтар өздерінің банктік шоттары туралы деректерді ашық бағдарламалық интерфейстерді (Open API) пайдалана отырып, банкаралық ақпарат алмасу жүйесі арқылы жібере алады. Бұл көмек тағайындау процесін жылдамдатады.

АӘК алдын ала есептеу үшін Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығына мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Бейбітшілік көшесі, 9, 137-кабинет.

Жұмыс кестесі 09:00 - ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:30-дан 14:30-ға дейін).

Өзгелердің жаңалығы