«Арғымақ» ат спорт кешені толыққанды жұмысын бастауға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Былтыр елордада Республика күні және Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балалардың иппотерапиямен айна¬лысуы үшін «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені ашылған еді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары толығымен аяқталып, кешен көктемде жұмысын бастауға дайын.
Өздеріңіз білесіздер 2022 жылы Республика күні және балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балалар иппотерапиямен айналыса алатын «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені есігін айқара ашты. Ат спорты-сауықтыру кешені елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына ықпал етеді. Толық қуатта иппотерапия орталығы биылғы жылдың көктемінен бастап жұмыс істеуге даярланып жатырмыз. Нақтырақ айтып кетсем қазіргі уақытта аттарымызды қабылдап, ол аттарды дайындап жатырмыз. Бұл жерде айта кетсем аттардың рөлі өте ерекше. Оларға қойылатын ерекше талаптары бар. Бұл аттар ерекше балалар контигентімен жұмыс істегендіктен мінездері жайлы аласа бойлы болулары міндетті,- дейді «Арғымақ» ат спортық сауықтыру кешенінің басшысы Арман Мусипов
Елордада 7,1 мың мүгедек бала бар, олардың 1000-ға жуығы денсаулық жағдайы бойынша және диагнозға сәйкес иппотерапиямен айналысу қажет.
Оның айтуынша, ат-спорттық сауықтыру кешенінде балалар үйретілген жылқылардың көмегімен спортпен шұғылданып қана қоймай, додаларға қатысуға мүмкіндіктері бар.
Сондай-ақ, кешенде жақын күндері жарыстар да ұйымдастырылады. Айтар болсақ, 26 ақпан күні «Арғымақ» ашық кубогін өткізуді жоспарласа, Халықаралық әйелдер күніне орай,
әйелдер арасында да дода өтеді. Дәл осы кешенде дәстүрлі садақ ату спорты бойынша Астана қаласының чемпионаты өткізіледі.
Кешенде тек жарыстар ғана ұйымдастырылмайды. Тұрғындар мен қонақтардың демалыс орталығы да болады.
Біз тек ат-спортымен айналысатындарды ғана емес, басқа қала тұрғындарын да ұмыт қалдырмаймыз. Біздің орталықта отбасылық, корпоративтік демалысты жақсы өткізуге барлық жағдай жасалатын болады. Мәселен, ат спорты бойынша үйірмелер ашу ойымызда бар. Сонымен қатар, туристік маршруттар ұйымдастырып, ұлттық спорт түрлерін дамытуға күш салмақпыз, - дейді кешеннің басшысы.
Ат-спорты сауықтыру кешені елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына ықпал етеді.
Әсел Әбілбек