Астанада Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

14 Маусым 2024, 23:53
1162
Бөлісу:
Астанада Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады
Фото: baq.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінен А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде М.Әлімбаев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты осы жылдың 14-16 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы