26-29 наурыз күндері Астана қаласындағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешені алаңында семсерлесуден (шпага) Әлем кубогі кезеңі өтеді. Халықаралық жарысқа 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дода ерлер және әйелдер арасында жеке және командалық сын бойынша ұйымдастырылады.
Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы алғанда, жүлде үшін 30-ға жуық қазақстандық спортшы бақ сынайды.
Бұл турнир Қазақстанда семсерлесу спортын дамытуға және отандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.