Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артады

<h3>Астана, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап мұндай көмекпен шамамен 2,5 мың астаналық отбасы қамтылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</h3>

12 Наурыз 2019 2019, 19:02
 12 Наурыз 2019 2019, 19:02
12 Наурыз 2019 2019, 19:02
2295

Астана, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап мұндай көмекпен шамамен 2,5 мың астаналық отбасы қамтылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында белгілі болғандай, Астанада атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны едәуір артады.

«Елордада 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артып, 2500 отбасын құрайды. Орта есеппен отбасы құрамы төрт-бес адам», – деп хабарлады ведомстводан.

АӘК алушылардың негізгі бөлігін толық емес және көпбалалы отбасылар құрайды.

Наверх