Астана, BAQ.KZ. Астанада қала маңына қатынайтын жаңа № 320 бағдар іске қосылады. Бұл туралы Astana LRT баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында жазды.
Astana LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 ақпанынан бастап жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады.
«Жаңа № 320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика көшесімен Сүйінбай көшесіне дейін, сосын Қосшы ауылының сол жағымен «Муслим» дүкен-кафесіне дейін жүреді. Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды», - делінген фейсбуктегі парақшасында.