Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысын тоқтатты

28 Қаңтар 2019, 09:15
2827
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада қатты аяз болуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясы мәлімдеді.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының бұзылуына және жолдардың жабылуына байланысты келесі аймақтық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: № 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317, 318. Бағдарлардың қатынауы қалпына келтірілгендігі жайлы ақпарат қосымша хабарланады», - делінген «Астана LRT» мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы