Астанада «Әке – отбасының тірегі» атты фестиваль өтеді

17 Маусым 2023, 14:10
1243
Бөлісу:
Астанада «Әке – отбасының тірегі» атты фестиваль өтеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бүгін Астанада Ботаникалық саябақтың аумағында Әкелер күнін мерекелеу аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әке – отбасының тірегі» open talks Фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, ымталы ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі Әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету.

Айта кету керек, биыл мереке алғаш рет аталып өтіліп жатыр.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер–министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысу жоспарланған.

Іс-шара аясында Әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы