Астанада 7 емхана бой көтереді

28 Наурыз 2024, 10:30
489
Бөлісу:
Астанада 7 емхана бой көтереді
Фото: автордан

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр сөзінше жеті емхананың екеуі мемлекет тарапынан, ал қалған бесеуі кәсіпкерлердің жеке қаражатына салынбақ.

Қала әкімдігімен қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет қаржысына салмақ салмай, инвесторлар өздері салып, 20-25 жылға мемлекет тарапынан беріліп отырған қаражатпен жұмыстарын үйлестіру қарастырылып жатыр. Қазақстан бойынша 300 мыңға жуық халық тіркелген жеке емханалар бар. Олардың тәжірибелерін зерттеп көрдік, - деді министр.

Ал жалпы Астана қаласы бойынша аудандарда емханалар туралы мәлімет мынандай. «Байқоңыр» ауданында – 2 мемлекеттік, 3 жеке емхана, «Алматы» ауданында – 5 мемлекеттік, 5 жеке емхана, «Сарыарқа» ауданында – 7 мемлекеттік, 8 жеке емхана, «Есіл» ауданында – 1 мемлекеттік, 7 жеке емхана, «Нұра» ауданында – 1 мемлекеттік, 6 жеке емхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Министрлік ұсынып отырған жобада жаңа емхананың бірнешесі де сол жағалаудан емхана саны аз «Есіл» мен «Нұра» аудандарынан бой көтермек.

Астанада 7 емхана бой көтереді
Өзгелердің жаңалығы