Астанада 62 мың адам салық төлеуден жалтарып жүр

30 Қазан 2024, 08:15
472
Бөлісу:
Астанада 62 мың адам салық төлеуден жалтарып жүр
Фото: архив

Астанада 62 858 адам мемлекеттік алымнан жалтарып жүр. Олардың жалпы қарызы 2 млрд 616 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мүлік салығын төлемегендердің мемлекетке берешегі 476 млн теңгеге жеткен. Ал темір тұлпар тізгіндеп, төлемнен тысқары жүргендердің қарызы – 2,1 млрд теңге. Оның дені қос-қостан көлік мініп, салық төлеуге құлық танытпай жүр.

Мысалы, көлік құралы салығы бойынша Астана қаласында бір жеке тұлғаның атында 8 көлік құралы бойынша иелік етеді. Ол аталған көлік құралдарының жалпы сомасы – 11 млн теңге. Бір адам бойынша 11 млн берешек сома құрайды, - дейді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ернат Сайлауов.

Дегенмен салаға жауаптылар салық төлеудің міндетті екендігін үнемі еске салады.майды. Сонымен қатар, салық төлемегендердің жауапқа тартылатындығын айтады.

Салық бұйырығын дұрыс орындамай жатса, егер өндіру сомасы 40 АЕК асып кетіп жатса, онда шетелге шығуға тыйым салынады. Егер де автокөлік бойынша салық болып жатса, автокөлік міндетті түрде арнайы тұраққа қойылады. Егер өндіретін сома 250 АЕК асып кетсе, онда борышкердің жүргізу туралы куәлігі тоқтатылады, - дейді Астана қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Фарида Мұқашева.

Сондай-ақ салықтан жалтарғандардың дүние-мүлкі бағаланып, сатуға шығарылады. Бұған қоса барлық есеп шоттары бұғатталады.

Өзгелердің жаңалығы