Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынатынын айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды, бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылда апатты жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындары үшін 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салынады, - деп жазды қала басшысы.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдау барысында білім беру, медицина, жұмысқа орналастыру, елді мекендер мен қаланы абаттандыру, автобус санын көбейту және т.б. мәселелер көтерілетінін атап өтті.