Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 50-ден астам адамға пәтерді "жалға берген" павлодарлық ұсталды

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру беріп, 50-ден астам адамды алдаған Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Күдікті клиенттерден алдын ала төлемді (депозитті) алғаннан кейін хабарландыруларды өшіріп, жәбірленушілермен байланысты үзген.

Қазіргі уақытта азаматтарды алдаудың 50-ден астам фактісі анықталды, эпизодтарға қосымша тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Есіл ауданының  ПБ баспасөз қызметі.  

Полиция департаменті азаматтарға:
– пәтерді жалға алар кезде еш уақытта алдын ала төлем, брондау, депозит үшін белгісіз тұлғаларға ақша жібермеуді;
– әлеуметтік желілерде және интернет кеңістігінде цифрлық гигиенаны сақтауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге;
– егер сіз интернет пен телефон алаяқтығының құрбаны болсаңыз, дереу полицияға немесе 102 арнасына хабарласуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы