Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 5 адамның “қуғын-сүргін құрбаны” мәртебесін алу әрекеті әшкереленді

20 Қазан 2025, 16:27
592
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада 5 азамат сот арқылы өздерін “саяси қуғын-сүргін құрбаны” ретінде мойындатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алайда қалалық сотпен бірлесіп жүргізілген тергеу, соның ішінде мұрағаттық құжаттарды зерттеу нәтижесінде, олардың бұл санатқа қатыстылығы расталмаған.

Тәуелділік төлемдерінің жолын кесу мақсатында соттың саяси қуғын-сүргін құрбандары деп тану тәжірибесі тоқтатылды. Атап айтқанда, биыл 5 азамат сотта өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде мойындамақ болған. Қалалық сотпен бірлесіп істер, оның ішінде мұрағаттық құжаттар зерделеніп, аталған тұлғалардың бұл санатқа қатыстылығы анықталмады. Тиісінше, сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халық ақшасын жымқырды деген күдікпен депутат ұсталды 

Өзгелердің жаңалығы