Астанада 48 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

18 Сәуір 2023, 22:30
758
Бөлісу:
Астанада 48 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Фото: inform.kz

Елорда прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметінде жосықсыз өнім берушілерге шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Айыппұлдың жалпы сомасы 4,4 млн. теңгені құрайды.

Прокурордың ұсынуымен өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызды уақтылы бермегені үшін 48 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағы), - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы