Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 24 жастағы жігіт Министрліктер үйін өртемек болды

10 Шілде 2025, 14:28
2282
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Астанада 24 жастағы ер адам Министрліктер үйінің бір подъезінде өрт қоюға әрекеттенді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде оқиға болған сәттегі видео тарады. Бейнежазбада ер адамның кіреберістегі турникетке жанғыш қоспаны лақтырғаны көрсетілген.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ер адам ұсталған.

Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таңертең Министрліктер үйінің бір подъезінде автоматты өрт дабылы іске қосылған. Оқиға орнына дереу Астана қалалық ТЖД күштері мен құралдары жеткен.

Беймәлім ер адам ғимаратқа кіріп, турникетке жанғыш сұйықтық шашқан. Нәтижесінде шамамен 2 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сөндіргіш көмегімен жалын толығымен сөндірілді, – делінген ресми ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада көшеде тыр жалаңаш жүрген азамат ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы