Оған «Заречная» 110/10 кВ қосалқы станциясынан шыққан өрт себеп болды. Қазір техникалық ақаудың неден болғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада өрт салдарынан 23 тұрғын үй кешені электрмен жабдықтаудан ажыратылды, - деп хабарлады "Астана-АЭК"АҚ.
26 наурызда сағат 08.20-да "Заречная" 110/10 кВ қосалқы станциясында 10 кВ секциялық ажыратқыш ұяшығының өртенуі орын алды. Сағат 09.40-та өрт оқшауланды. Технологиялық бұзушылықтың себептері анықталуда, - делінген хабарламада.
Жарықтан ажыратылған үйлер Байтұрсынов, Момышұлы, Керей Жәнібек Хандар, Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік Ел көшелеріндегі, сондай-ақ Тельман кентінің бірнеше көшелерінде орналасқан.
Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жанып кеткен қосалқы станциядағы жабдықты толық тексергеннен кейін қалпына келтіруге уәде етіледі.