Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 22 қарашадан бастап №82 жаңа автобус бағыты іске қосылады

20 Қараша 2025, 22:05
310
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

22 қарашадан бастап Астанада жаңа №82 бағыттағы автобус қозғалысы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Автобус "Орда базар" аялдамасынан "Зерде" мектебіне дейін қатынайды.

Маршрут Алаш шоссесімен басталып, Уәлиханов көшесіне бұрылады. Одан әрі қозғалыс Абылай хан даңғылы, Жұмабаев көшесі, Тәуелсіздік және Әл-Фараби даңғылдары арқылы жалғасады. Сондай-ақ бағыт Бұхар жырау көшесін де қамтиды. Жаңа маршрут елорданың қарқынды дамып келе жатқан аудандарында көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Астанада 22 қарашадан бастап №82 жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бұдан бұрын Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі жылы қалада тағы 13 жаңа маршрут іске қосылатынын мәлімдеген. Сонымен қатар Bus Line желісі кезең-кезеңімен кеңейеді. Қазірдің өзінде ондаған учаскеде қозғалыстың арнайы жолақтары жұмыс істеп, жол жүру уақытын 25–30% қысқартып отыр.

Биыл автобус паркі шамамен 300 жаңа көлікпен толықпақ. Оның бір бөлігі қалаға жеткізіліп, желіге шығуға дайындалып жатыр. Әкімдік дерегінше, бұл жаңа бағыттарды іске қосуға және жолаушылар үшін аялдамадағы күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы