Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 2026 жылы жүргізушісіз такси жобасы сынақтан өтеді

Бүгiн, 03:43
151
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

2026 жылы Астанада жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы меморандумға қол қою арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда Қазақстанда автономды такси сынақтан өтетін алғашқы қалалардың бірі болады. Жоба "ақылды қала" стратегиясы аясында жүзеге асырылады және қалалық мобильділікті дамытуға бағытталған.

Пилоттық бағыт ретінде Астана халықаралық әуежайы – Abu Dhabi Plaza аралығы таңдалды. Алғашқы кезеңде автономды көліктер тестіленіп, қауіпсіздік, инфрақұрылым және заңнамалық талаптар пысықталады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жоба кезең-кезеңімен, азаматтардың қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып іске асырылады.

inDrive компаниясы жүргізушісіз таксиге тапсырыс беру мүмкіндігін мобильді қосымша арқылы ұсынбақ. Пилоттық жоба оң нәтиже көрсеткен жағдайда ғана толық іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы