Астанада 18 жастағы жігіт жоқ үйлерді жалға берген

19 Қазан 2022, 20:40
1059
Бөлісу:
Астанада 18 жастағы жігіт жоқ үйлерді жалға берген

Астанада 18 жастағы жігіт жоқ үйлерді жалға берген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Елордада алаяқ Market.kz сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдаған. 

Күдікті пайдакүнемдік мақсатымен нарықтан төмен бағаны қойып, үйдің ішкі көрінісінің тартымды фотосуреттерін таңдаған. Алаяқтың қоятын шарттарының бірі алдын ала төлем жасау болған. Сондай-ақ елода тұрғыны арзан әрі жайлы тұрғын үйге қызығып, туған күнін тойлау үшін бір тәулікке коттедж жалдауға шешім қабылдаған. 

Алайда алаяқ жылжымайтын мүлікті жалға алғысы келетіндердің көптігін сылтауратып, мобильді аударым арқылы ақшасын алдын ала талап еткен. Ақша түскеннен кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан. Полиция қызметкерлері 18 жастағы астаналықты ұстады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қаскүнемнің қолынан зардап шеккен басқа да жәбірленушілерді анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы