Астанада 11 күнде 110 адам қызылша жұқтырған

12 Қаңтар 2024, 16:31
717
Бөлісу:
Астанада 11 күнде 110 адам қызылша жұқтырған
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада биыл қаңтардың 11 күнінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай - 81. Елордада күн сайын қызылшаның 45-тен 30 жағдайға дейін тіркелуі аздап төмендеуін көрсеткенмен, жағдай әлі де күрделі болып қала береді, - деп айтты дәрігер.

Оның сөзінше, науқастардың шамамен 79 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған азаматтар. Бұл - аурудың негізгі себебі.

Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 5 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 16 пайыз.

Ауырғандар санының өсуінің басты себептерінің бірі - вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі. Әлемдік статистика көрсеткендей, COVID-19 пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация алмаған халықтың саны артқан. Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болуы да маңызды рөл атқарып отыр. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек екен, - Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы