Астанада 10 жасар қыздың қолы қамыр илейтін машинаға қысылып қалды

Астанада 10 жасар қыздың қолы қамыр илейтін машинада қысылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Маусым 2025 2025, 11:32
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Маусым 2025 2025, 11:32
16 Маусым 2025 2025, 11:32
847
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада 10 жасар қыздың қолы қамыр илейтін машинада қысылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада 10 жасар қыз бала абайсызда қолын қамыр илейтін машинаға салып, қайтадан шығара алмай қалған. Оқиға үйде болған. Баланың жанында болған ата-анасы оған өздері көмек көрсете алмай, құтқарушыларға хабарласқан.

Құтқарушылар жедел әрекет етудің арқасында баланың қолын аман сақтап қалды. Мұндай жағдайлар тұрмыстық техникамен жұмыс істеу кезінде балалардың қауіпсіздігін қадағалау қажеттігін көрсетеді, – деп хабарлады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Медициналық тексеріс үшін қыз бала жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.

Наверх