Астана полицейлері қонақүйде ірі сомада ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

24 Қаңтар 2019, 13:14
2411
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Полицияға 29 жасар қала тұрғыны арызбен жүгінді. Арызда белгісіз адамның қонақүй холынан ішінде 1,5 млн теңге көлемінде ақша қаражаты болған рюкзакті ұрлағаны туралы айтылған. Жәбірленушінің айтуынша, ол рюкзакті үстелге қойған, бірнеше минутқа бір жерге шығып кеткен, ал қайтып келген кезде рюкзактің жоғалғанын анықтаған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы ұрлық жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Күдікті 46 жасар ер адам болып шықты, ол Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Күдіктінің осыған ұқсас ұрлықтарға қатысының бар екенін тексеру жалғасуда.

Астана қаласының полицейлері азаматтарды сақ болуға шақырады. Себебі қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрі – «қалта ұрлықтары» және жеке мүліктерді ұрлау.


Өзгелердің жаңалығы