Астана, BAQ.KZ. «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» РМҚК диагностикалық зертханасын «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық аккредиттеу орталығы ILAC зертханаларын аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толық құқықты мүшесі және ILAC MRA сынақ және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу бойынша (ISO/IEC 17025) өзара тану туралы келісімдердің қатысушысы болып табылады.
«Аккредиттеу АИТВ-инфекциясының диагностикасы саласындағы сәйкестікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруда ЖИТС орталығының құзыреттілігінің дәлелі болып табылады, қызмет сапасын жетілдіруге ықпал етіп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады», - деді орталықтың бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов.
ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы АИТВ инфекциясының және вирустық гепатиттердің диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізуде 20 жылдық тәжірибесі бар, жыл сайын мұнда 300 мыңнан астам зерттеу жүргізіледі, зертханалық процестің барлық кезеңдерінде зерттеулердің сапасы мен дәлдігі қамтамасыз етіледі.
Орталық заманауи кәсіби жабдықтармен жабдықталған, ал мамандардың практикалық тәжірибесі мен біліктілік деңгейі барлық науқастарға сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік береді.