Астана, BAQ.KZ. Астана «уежайының сайтына хакерлер шабуылдады. Бұл жөнінде Талдау және кибершабуылдарды тергеу орталығы хабарлады.
«WebTotem Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана әуежайы «бұзылғанын» анықтады», - деп жазылған хабарламада.Қазіргі уақытта әуежайдың интернет-ресурсы жұмыс жасап тұр.
Бұған дейін ТКШТО Қазақстанның бірнеше белді университеттерінің сайтына да хакерлер шабуыл жасағанын мәлімдеген болатын. Өздерін KazHackMe деп атайтын белгісіз хакерлер тобы ҚарМУ мен Қазақстан инженерлік-техникалық институттарының сайтын бұзған.