Астана тұрғыны кафенің кассасын тонап кеткен

26 Мамыр 2023, 03:22
596
Бөлісу:
Астана тұрғыны кафенің кассасын тонап кеткен
Фото: Артём Чурсинов

Астанада кафенің кілтін тауып алып, кассасын тонап кеткен тұрғын анықталды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер адам кафе қызметкерлерінің кілттерді табалдырықтағы бөшкенің астында қалдыратынын байқаған. Таңертең ер адам кафенің кіреберісінен тауып алған кілтпен есікті ашып, ішке кірген. Содан кейін ол кассадан 155 мың теңгені ұрлап, қашып кеткен.

Байқоңыр ауданының полицейлері бейнебақылау камераларынан қарап, ер адамның орналасқан жерін анықтады. Содан кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оны ұстады. Ол қаланың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында оның бұған дейін де ұрлықпен айналысқаны анықталды. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін астаналық азамат бас бостандығын шектеу түрінде сотталған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам ұрлық жасағанынын мойындаған, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы