Елордада қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің жекпе-жегінен тікелей көрсетілім «Қазмедиа» орталығында өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Таң ата жиналған GGG жанкүйелерлер тікелей көрсетілімді үлкен лед экран арқылы тамашалауда. Келушілердің көңіл күйі көтеріңкі және қолдарында мемлекеттік ту бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ашық көрсетілім арқылы тамашалауға шамамен 600 адам жиналған.
Айта кетейік, «GGG – Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген.
Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.
Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетті. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.