Астана-Теміртау автожолы қашан ашылады

Синоптиктердің болжамынша, бүгін сағат 12:00-ден бастап, "Астана-Теміртау" учаскесінде қардың жаууы мен желдің екпіні бәсеңдеуі ықтимал.

31 Желтоқсан 2023 2023, 12:02
АВТОР
 gov.kz 31 Желтоқсан 2023 2023, 12:02
31 Желтоқсан 2023 2023, 12:02
1055
Фото: gov.kz

Синоптиктердің болжамынша, бүгін сағат 12:00-ден бастап, "Астана-Теміртау" учаскесінде қардың жаууы мен желдің екпіні бәсеңдеуі ықтимал. Нәтижесінде жолдың көрінуі жақсарып, көліктерді өткізуге мүмкіндік туындауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Осыған байланысты 31 желтоқсан күні шамамен сағат 12:00 кезінде жолы қызметі мен жергілікті полиция өкілдеріменің сүйемелдеуімен көліктерді өткізу жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Осы уақытта жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды тазарту және оған қажетті материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 25 техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдыралған.

Наверх