Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

11 Қараша 2024, 11:50
430
Бөлісу:
Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады
PHOTO
Фото: автордан

Елордада “Сылаң қыз” атты музыкалық комедия жанрындағы қойылымның премьерасында елордалық жас жігіт театр сахнасына шығып, сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 9-10 қараша күндері Жүсіпбек Аймауытовтың “Сылаң қыз” атты музыкалық комедия жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынды.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылының өмір шындығы мен ел тарихындағы әрқилы оқиғалар суреттелген сатиралық шығарма – "Сылаң қыз".

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Автор шығармасында рухани мешеулікті шенейді, оқу-білімді дәріптейді. Қазақтың азаттығын, теңдігін аңсайды.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Пьесадағы тартыс - өткір, характерлер - әрқилы, әлеуметтік қайшылық - айқын, образдар - дара.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Комедиялық қойылымда нәпсі тұтқынындағы адамдардың мінін, мінезін әзілмен әжуалау арқылы адам бойындағы кемшіліктерден (оның сөзі, ісі, нәпсісі) арылу көзделген.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасында өз заманының ғана емес, бүгінгі адамзат қоғамының да картинасы бар.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Қойылымның қоюшы режиссері және сценографы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров Музыкалық жас көрермен театрының ашылғанына 14 желтоқсанда 4 жыл толатынын айтты.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Театр 4 жылдың ішінде 24 премьераны көрермен назарына ұсынды. Міне бүгін 25-ші қойылымның премьерасы. Биыл – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы, драматург, қазақтың тұңғыш режиссурасының негізін қалаушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы. Сондықтан ұлы тұлғаның рухына тағзым ете отырып, Ж. Аймауытұлының “Сылаң қыз” деген шығармасын сахналадық. “Сылаң қыз” өзінің жанры жағынан қазақи эрония, комедияға жақын шығарма. Сол себепті біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз осыдан 100 жылдан аса уақыт бұрынғы ұлы төңкеріс деп аталған революция кезеңіндегі қазақ қоғамының көрінісін, революцияның адам, әсіресе өскелең ұрпақ санасына қалай әсер ететінін, революция арқылы ұлттың мінезі қалай бұзылатынын сахналады, - деді Асхат Маемиров.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Қойылым арқылы театр актерлері бала тәрбиесіне де көңіл бөлу керегін меңзейді.

Қойылым аяқталған соң режиссер сөз сұраған елордалық Нұртілек есімді жігітті сахнаға шақырды.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Ол алдымен театр ұжымын жаңа премьерасының сәтті қойылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Нұртілек - Музыкалық жас көрермен театрының тұрақты көрермендірінің бірі.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Алғаш рет “Ғашық жүрек” қойылымына келгенім есімде. Өздеріңіз сияқты қойылымды залда тамашалап отырған кезде сахнаға бір ару шығып, Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтарын менің көзіме қарап тұрып айтқан еді. Сол өлең шумақтарын естігеннен кейін жүрегімнен тыныштық кетті. Сосын не болса, о болсын, жігітпіз ғой көреміз деп, қыздың алдынан өтуге шешім қабылдадым. Сөйтіп осыдан тура екі жыл бұрын дәл осы сахнада “Абай-Тоғжан” қойылымының жабылуында гүл шоқтарын қолына табыстадым. Содан кейін екеуіміз сөйлесіп, танысып, бір-бірімізге деген сезіміміздің шынайы екенін түсіндік, - деді театр көрермені.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Нұртілек сүйіктісі Дианаға “Маған тұрмысқа шығасың ба?” деп сөз салды. Ал қыз “иә” деп келісімін берді.

Астана театрында елордалық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Осылайша 1 сағат 30 минутқа созылған қойылымның нүктесі әдемі сәтпен қойылды.

Өзгелердің жаңалығы