"Астана су арнасына" айыппұл салынды

22 Қазан 2019, 04:17
3174
Бөлісу:
"Астана су арнасына" айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрғындарының ауызсудың жағымсыз иісіне қатысты шағымдары бойынша тексеру жүргізілді. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінен хабарлады.

Ведомстводан хабарлағандай, ауызсуды жоспардан тыс зертханалық зерттеу жұмыстары 21 қыркүйекте басталған.
"26 қыркүйекте әлеуметтік желідегі елордалық құбырдағы ауызсу сапасына қатысты департаментке E-gov порталы арқылы жазбаша шағымданды", - делінген хабарламада.

Департамент мамандары су жинайтын және су тазарту құрылғыларын, сондай-ақ су таратқыш торапты тексерген.
"Жаз мезгілінде судың қарқынды ағуына байланысты су қоймасындағы су деңгейі 270 млн текше метрге дейін төмендеп кеткен. Жылдың жылы мезгілінде, әсіресе қыркүйек айында су деңгейінің төмен болуы балдырлардың, фитопланктонның қарқынды өсуіне және олардың "геосмин" затын бөліп шығаруына ықпал етті. Бұл суда жағымсыз иіс пайда болуына әкелген. Астана су арнасы» қосымша шаралар қабылдап, коагулянт концентрациясын жоғарылату және сіңіргіш зат мөлшерінің артуы иісті қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Зертханалық зерттеу жүргізу кезінде ауызсу гигиеналық талаптарға сай екені анықталды", - дейді мамандар.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға қатысты "Астана су арнасына" 230 АЕК көлемінде айыппұл салынып, олқылықтарды жою керектігі туралы тапсырма берілді.



Өзгелердің жаңалығы