Астана соты «Қазарнаулыэкспорт» басшысын күзетпен ұстауға санкция берді

12 Қараша 2023, 22:05
662
Бөлісу:
Астана соты «Қазарнаулыэкспорт» басшысын күзетпен ұстауға санкция берді
Фото: facebook/Арман Рамазанов

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «Қазарнаулыэкспорт» РМК басшысы Арман Рамазановты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкциялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 11 қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Рамазановты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп мәлімдеді Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Өзгелердің жаңалығы