Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана соты алимент төлемеген адамды ата-ана құқығынан айырды

1 Наурыз 2025, 18:32
580
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ювеналды сотта қаралған іс бойынша ер адам баласына қамқорлық көрсетпеген, материалдық қамтамасыз етпеген және оның тәрбиесіне араласпаған.

Сот процесінде анықталғандай, әкесі ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген; 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді; ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындады.

Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен араласуға құлықсыз екенін білдірген.

Сот ер адамды ата-ана құқығынан айырды, алайда бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ер адам бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы